Қазақстанда жыл соңына дейін үш жаңа автомагистральді салу аяқталады – ҚР ИДМ

Бұл автомагистральдар бірінші дәрежелі жолға сәйкес келетінін және төрт жолақты болатынын, бірақ кейбір жерлерде алты жолақты болып келетінін айтты.

Республикада осы жылдың соңына дейін Астана-Теміртау, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас авто тас жолдаы салынып бітеді, деп мәлімдеді ҚР Инвесициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов ҚР-ның ақылы автожолдарын дамыту мәселелері туралы өткен дөңгелек үстел отырысы барысында. Бұл туралы , primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

«Бірінші кезекте Астана-Теміртау жолын іске қосамыз, Алматы-Талдықорған және Алматы-Қорғас бағыттарын толық аяқтаймыз. Жолдарды қолданысқа енгізу осы жылдың қараша-желтоқсан айларына жоспарланып отыр. Яғни, аталмыш үш тас жолды да жылдың соңында пайдалануға береміз», - деді С.Бармақов.

Ол бұл автомагистральдар бірінші дәрежелі жолға сәйкес келетінін және төрт жолақты болатынын, бірақ кейбір жерлерде алты жолақты болып келетінін айтты.

Еске сала кетейік, 2020 жылға дейін Қазақстанда 7 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарланып отыр.

Сонымен, ҚР ИДМ бейінді комитетінің басшысының мәліметінше, 2013 жылдан бастап ақылы жүйені енгізгеннен бері Астана-Щучинск тас жолы 3 млрд астам теңге жинады.

«Осы кезеңде бізге 3 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бюджеттен ақша бөлінбейді, себебі жол ақылы болғандықтан өзін қамтамасыз етеді. Ол қыста және жазда жолдарды жөндеу, ақауларды жою», - деді С.Бармақов.

Жақын уақытта, оның айтуынша, Алматы-Қорғас, Астана-Атбасар, Шымкент-Тараз және Шымкент-Қызылорда жолдары ақылы болады.

Фото: liter.kz

Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: