Павлодар-Омбы тас жолында Opel автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі 66 жастағы зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
- Ер адам жаяу жүргінші жолағы жоқ жерде жол өтпекші болды. Салдарынан, келе жатқан көлік адамды қағып кетті. Зейнеткер жол апаты орнында көз жұмды. Көлік автотұраққа жіберіліп, жүргізушіден қала сыртына шықпау туралы қолхат алынды. Болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді ІІД-нің баспасөз қызметінде.
Айгерім Жанкашова
Фото: Рavlodarnews.kz