СҚО-да бірқатар мекемелердің басшылары парамен ұсталды

Б.Таласбаев және М.Сәдуақасов Петропавл қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейін тергеу жүріп жатыр.

18 шілдеде Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық карантиндік зертханасы мен Петропавл аумақтық инспекциясының басшыларының және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының өсімдік карантині бойынша бас инспекторының ісін әшкере етті, деп хабарлайды BNews.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық карантиндік зертханасының басшысы Б.Таласбаев, Петропавл қалалық аумақтық инспекциясының басшысы М.Садуақасов және Солтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторы Г.Усатенко алдын-ала сөз байласып, фитосанитарлық қорытынды беру және голландық гүлдердің және тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қамқорлық үшін 70 000 мың теңге көлемінде пара алған, деп хабарлады Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі.

Б.Таласбаев және М.Сәдуақасов Петропавл қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейін тергеу жүріп жатыр.

Фото: pasmi.ru

Следите за новостями zakon.kz в: