Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы Бразилияға барып жаттығуға кірісті

Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Бразилияның Сан-Паулу қаласында оқу -жаттығу жиынын бастады. Енді олар 4 тамызға дейін осы қалада жергілікті климатқа бейімделіп, жаттығуын ары қарай жалғастырады, деп жазады ҚазАқпарат ХАА.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы бір балуанмен толыққанын жазған болатынбыз. Онда 73 келі салмақтағы Дидар Хамза Риода өткізілетін Олимпиадаға ресми түрде шақырту алғанын атап өткенбіз. Енді Бразилияда ел намысын қорғайтын дзюдошылар саны алтау болды. 60 келіде Елдос Сметов, 66 келіде Жансай Смағұлов, 73 келіде Дидар Хамза, 100 келіде Максим Раков және қыздар құрамасынан 48 келіде Галбадрах Отгонцегцег, 63 келіде Мариан Ордабаева күреседі.

Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтеді.

Олимпиада ойындарындағы дзюдошыларымыздың күнтізбесі: (Астана уақыты)

6 тамыз (48 келі, 60 келі)

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

7 тамыз - 52 келі, 66 келі

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

8 тамыз - 57 келі, 73 келі

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

9 тамыз - 63 келі, 81 келі

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

10 тамыз - 70 келі, 90 келі

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

11 тамыз - 78 келі, 100 келі

Басталуы - 19:00

Финал - 23:30

12 тамыз - 78 келіден жоғары, 100 келіден жоғары

Басталуы - 19:00

Финал -23:30

Фото: www.inform.kz

Следите за новостями zakon.kz в: