Алматыда балалар лагеріне профилактикалық тексеріс жасалды

Алматылық оқушылардың қауіпсіздігі ұдайы қадағалауда. Оқушылардың жазғы каникулы басталғалы лагерге келіп демалып жатқандарда есеп жоқ.
Арнайы құрылған топ демалыс аймағындағы балалардың қауіпсіздігі мен қалай тамақтанатындарын қадағалайды. Тексеруші топ құрамына төтенше жағдай қызметі, білім және денсаулық сақтау басқармалары өкілдері, сондай-ақ құтқару қызметінің мамандары енген, деп жазады Алматы телеарнасы.
Лагердегі әрбір балаға келген күннен бастап қауіпсіздік шаралары мен баруға болатын немесе баруға болмайтын жерлер жіліктеп түсіндіріледі. Ең бастысы ешкімге ескертпей яғни тәрбиешісіз лагердің аумағынан шығып кетуге мүлдем тыйым салынады.
Алматылық оқушылардың қауіпсіздігі ұдайы қадағалауда. Оқушылардың жазғы каникулы басталғалы лагерге келіп демалып жатқандарда есеп жоқ. Алматының төңірегіндегі лагерлерге еліміздің түкпір-түкпірінен де оқушылар келіп демалады. Биыл, 28 мың Алматылық оқушы жазғы демалыстарын лагерде өткізуі тиіс. Жергілікті қазынадан оқушылар демалысына 190 млн теңге бөлініпті.
Фото: www.lada.kz


Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: