Өткен демалыс күндері облыстағы өзендер мен тоғандарда тағы 4 қайғылы жағдай тіркелді. Онда 4 бала және 55 жастағы ер азамат суға батқан, деп жазады otyrar.kz.
Қайғылы оқиғалар Шардара, Мақтаарал, Түлкібас аудандарында болған. Жыл басынан бергі статистиканы еске салсақ, 54 адам тілсіз жаудың құрбаны болып отыр. Бұл — былтырдың жалпы көрсеткішінен де көп деген сөз.
Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайлардың көбінде ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар мен суда жүзу ережелерін сақтамағандар зардап шеккен.
Фото: otyrar.kz.