Өткен жылы қол қойылған Меморандум бағаны ырықтауға мүмкіндік беріп тұр. Айта кетейік, мемлекет онкологиялық ауру түрлерін, диабет, туберкулез дерттерін емдеуге арналған препараттармен халықты тегін қамтамасыз етіп отыр. Дегенмен, әлеуметке бағытталған бұл шара, фармацевтикалық фирмаларға ауыр соғып отырса керек, деп жазады Алматы телеарнасы.
Меморандум талаптарына сәйкес бүгінде дәрі-дәрмектер бағасы бірқалыпты болып тұр. Дегенмен, фармацевтикалық компанияларға бұл ауыр соғуда. Өйткені, дәрінің өзі арзан болғанымен, оның қорабы, ыдысы қосымша шығынға батыруы мүмкін. Фармкомпаниялар осындай жағдайда бағаны тежеу қиын екенін айтып, шағымданады,-дейді Ұлттық медицина қауымдастығының президенті, Айжан Садықова.
Фото: www.uralskweek.kz