Ақмола облысында аллерголог маман жоқ

Көкшетау қаласында 11 учаскеде небары 5 педиатр дәрігер қызмет етеді. Оның екеуі 70-тен асқан зейнеткер. Әр учаскеде шамамен 800 бала бекітілген.

Ақмола облысында 150-ден аса дәрігер жетіспейді. Негізінен, акушер-гинеколог, анестезиолог, кардиолог және невропотолог тапшы. Ал, аллерголог дәрігер облыста мүлдем жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Көкшетау қаласында 11 учаскеде небары 5 педиатр дәрігер қызмет етеді. Оның екеуі 70-тен асқан зейнеткер. Әр учаскеде шамамен 800 бала бекітілген.

«Педиатр мамандығы қиын болғандықтан бұл саланы көбі таңдай бермейді. Бізде тек бес педиатр болғандықтан, екі учаскеге бір дәрігер қызмет көрсетеді. Дәрігерлер жетіспегендіктен, екі дәрігеріміз зейнеткер болса да жұмыс істеп жүр», – дейді Көкшетау қаласы педиатрлық бөлімшенің меңгерушісі Жанна Төлемісова.

Білікті дәрігерлердің Астанаға кетуі салдарынан, маман жетіспей, ақ халаттылардың қабылдауларына келген тұрғындар сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

«Астана қаласында соңғы жылдары 7-8 жаңа емхана ашылды. Соған байланысты ол жақта дәрігерлерге сұраныс өте жоғары. Сол себепті жас мамандар жаппай сол жаққа кетіп жатыр», – дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сергей Киласьев.

Дәрігерлер жетіспегендіктен тұрғындар қабылдауды сағаттап күтеді.

«Бұл мәселені шешу үшін әкімдік грант бөліп, жастарды Қазақстанның әр түкпіріндегі жоғары медициналық оқу орындарына жіберіп жатырмыз. Қазір облыстық әкімдіктің грантымен 58 студент медициалық оқу орындарында оқып жатыр. Тағы 78 түлек биыл жоғары оқуға түсті. Оларға оқуларын бітірген соң облысқа келіп, кемінде 5 жыл дәрігерлік қызметте жұмыс істеу міндеттелген», – дейді Сергей Киласьев.

Әр студентке облыс әкімдігі жылына 600 мың теңге бөледі. Облыста кадр тапшылығын шешу үшін денсаулық сақтау мамандары өзге аймақтарға арнайы барып, жәрмеңке өткізеді.

Фото: medpro.kz

Следите за новостями zakon.kz в: