Бүгін Сенатта депутат Қуаныш Айтаxанов Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшерін азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz.
«Қазір xалықтың жағдайы ауырлап кетті. Соңғы жылдары айыппұлдың мөлшерін көбейтіп жібердік. Сондықтан, оны төмендетсек қалай болады? Жалпы, айыппұлдың мөлшерін арттырғаннан мәселе шешіліп жатыр ма? Мүмкін, қайта қарау керек шығар», -деді сенатор.
Сенатордың сауалына жауап берген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айыппұлды ерте төлегендерге жеңілдік қарастырылғанын айтты. Сондықтан, оның ойынша, айыппұл мөлшерін азайту қажет емес.
«Біз айыппұлды сегіз статьяға көбейттік. Бірақ, жаңа кодексте ерте төлегендерге жеңілдік қарастырылған. Егер жүргізуші 7 күннің ішінде төлеп тастаса, айыппұлдың тек 60 пайызын ғана өтейді. Маневр жасағандар бұрынғы заң бойынша 3 АЕК төлейтін. Қазір 5 АЕК-ке көбейген. Алайда бір апта ішінде төлеуге мүмкіндігі болса, 2,5 АЕК қана төлейді. Бұрынғы заңға қарағанда, аз төлеу мүмкіндігі қарастырылған.Сондықтан, айыппұлдың мөлшерін азайту қажет емес деп ойлаймын. Қайта көбейткеннің пайдасы болып жатыр», - деді министр.
Фото: baq.kz