Руслан Күлекбаев «Үкімге шағымданасың ба?» деген сұраққа күліп жіберді

Өлім жазасына кесілген террорист Руслан Күлекбаев соттың шешіміне шағым түсіргісі жоқ.
Өлім жазасына кесілген террорист Руслан Күлекбаев соттың шешіміне шағым түсіргісі жоқ. Бұл туралы оның қорғаушысы Ғабит Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Бұл өзінің шешімі, – дейді қорғаушы. – Мен одан «Шағым түсіресің бе?» деп сұрап едім, күліп жіберді де, «Не үшін?» деді».

Informburo.kz порталының мәліметінше, Ғабит Құсайынов сондай-ақ Күлекбаев жазаны Қостанай облысында күтетінін айтқан. Мұнда аудан орталығынан 30 шақырым жерде 161/3 ерекше режимдегі түзеу колониясы орналасқан. Бұл мекеме бейресми «Чёрный беркут» деп те аталады.

Айта кетейік, бүгін Алматыдағы ЛА 155/18 Тергеу абақтысында Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевқа қатысты сот үкімін оқыды.

Фото: www.inform.kz
Актау Актобе Алматы Кызылорда Нур-Султан Семей
Следите за новостями zakon.kz в: