Қостанай станциясы көліктегі желілік ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Е.Р.Сапаров 1 миллион теңге пара алу кезінде ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Baq.kz.
Ұсталған басқарма басшысы бірінші орынбасары, полиция майоры Ч.О.Батталов арқылы «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ филиалының Қостанай қаласы магистралді желілер бөлімінің бас инженерінен сот алды тергеуді тоқтатып, қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған.
«Е.Р.Сапаров ҚР ҚПК 128 бабы бойынша ұсталып, Рудный қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде» - деп жазылған хабарламада.
Фото: Baq.kz