Шымкентте тағы бір науқас құтыру ауруын жұқтырды деген күдік бар

Маманның айтуынша, науқасты осыдан екі ай бұрын белгісіз ит қауып алған.
Шымкентте жұқпалы аурулар ауруханасына 1961 жылғы азаматша құтыру ауруын жұқтырды деген диогнозбен жатқызылды. Күдікті науқасты дәрігерлер оқшаулап, қатаң бақылауға алған. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Балкүміс Мұсаева мәлімдеді, деп жазады otyrar.kz.

Маманның айтуынша, бұл науқасты осыдан екі ай бұрын белгісіз ит қауып алған. Бірақ, азаматша ит қауып алған кезінде медициналық көмекке жүгінбепті. Арада біраз уақыт өтеді. Тек ауруды сезінгеннен кейін ғана азаматша дәрігерлерге көрінеді. Құтыру ауруының белгілерін байқаған мамандар оны дереу ауруханаға жатқызып, оқшаулаған. Сондай-ақ, вакцина салынып, бақылауға алынды.

“Науқас – 1961 жылғы азаматша. Шымкент қаласының тұрғыны. Оны ит екі ай бұрын қауып алған. Бірақ, диагноз расталмады. Қазір ауруханада жатыр. Биыл құтыру ауруының үш фактісі тіркелді. Оның барлығы қайғылы жағдаймен аяқталды. Негізі құтыру ауруы емделмейді. Сондықтан, ит қауып немесе басқа да жануар тістеп алса, бірден дәрігерге көріну керек”, - дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы Балкүміс Мұсаева.

Фото: otyrar.kz
Следите за новостями zakon.kz в: