Шымкентте полицейлер героин сатушыларды қолға түсірді

4 полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат табылған.
Шымкентте полицейлер героин сатушыларды қолға түсірді. Күдіктілердің үйінен де есірткі заттары табылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

ОҚО ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында екі сезіктіні ұстады.

1986 және 1975 жылы туған күдіктілер Ворошиловка елді мекенінде героин саудалап келіпті. Үйлерінен 4 полиэтилен пакетке оралған ақ ұнтақ зат табылған.

Сот-медициналық сараптама қортындысына сай бұл зат 8 гр. героин екенін анықтады. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы: 297 - «сірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу», 296 - «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша іс қозғалды.

Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: