ОҚО-да суға батқан жігітті құтқарушылар мен туыстары бір жарым айдан бері таппай жатыр

Құтқарушылар болса араға біраз уақыт салып тағы қарап шығамыз деп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысында суға батқан жігітті құтқарушылар бір жарым айдан бері таппай жатыр. Көксарай ауылының 23 жастағы тұрғыны 21 шілде күні Сырдария өзеніне түсіп кеткен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Жас жігітті іздеуге құтқарушылар үш рет келіп кетіпті. Бірақ бәрі нәтижесіз болған.

Бір жарым ай ішінде сүңгуірлер өзеннің ондаған шақырымдай жерін қарап шыққан. Судың бетін де қайықпен іздеген.

Олар таба алмаған соң қазір жоғалған тұрғынның туыстары мен таныстары, ауыл адамдары мен Отырар аудандық ІІБ қызметкерлері іздеуге кірісті.

Бірақ жігіттің денесі табылатын түрі жоқ. Құтқарушылар болса араға біраз уақыт салып тағы қарап шығамыз деп отыр.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в: