Семей қаласындағы жертөледен екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құзырлы орган таратқан хабарламаға қарағанда, Семей қаласының полициясына әйел жертөледен екі адамның мәйітін тапқанын айтқан. Табылған екі мәйіттің бірі хабар берген әйелдің азаматтық некедегі жұбайы болған.
«Полиция қызметкерлерінің тексеруі барысында мерт болған екі адамның бірінің денесінен 20 жарақаттың орны анықталды. Екіншісінің мойнынан қылқындыру белгілері табылды. Мәйіттерді тауып алған әйел қайғылы оқиға болатын күні басқа жақта болған. Куәгер әйел мерт болған екінші адамды танымайтындығын жеткізді», - делінген баспасөз парағында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, істің мән-жайы анықталуда.
Фото: informburo.kz