Қостанай облысындағы Тобыл стансасында тепловоз рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тепловоздың шойын жолдан шығып кеткені туралы Қостанай облыстық ТЖД кезекші бөліміне 24 қазан күні хабар келіп түскен.
Оқиға Таран ауданындағы Тобыл стансасында болды.
«Алты дөңгелекті тепловоз рельстен шығып кетті.Оның кідіріп қалуы жолаушылар пойыздарының қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер болмады», - деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілі.
Алдын ала болжам бойынша, тепловоз рельс бағыттамаларының дұрыс төселмеуінен тайқып кеткен. Нақты себептері анықталуда.
Фото: inform.kz