Ақмола облысының полицейлері 43 жастағы ер адамды өз пәтерінде тонап кеткен екі қызды ұстады. Бұл туралы stan.kz, patrul.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.
Оның сөзінше, көшеде екі қызбен кездейсоқ танысып қалғаннан кейін ер адам оларды өз үйіне шақырған. Уақытты жақсы өткізгеннен кейін пәтер иесі ұйықтап қалады. Сол кезде қыздардың бірі оның қалтасындағы ақшаны ұрлап алады. Сосын ақшаны бөлісіп, белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған. Келесі күні ақшасы жоғалғанын білген ер адам полицияға хабар берген.
“Полиция қызметкерлері іздеп, 25 және 33 жастағы екі тұрғынды ұстады. Құқық қорғаушылар ер адамға ақшасының бір бөлігін ғана қайтарды. Қалғанын күдіктілер жеке қажеттіліктеріне жаратып қойған”, – деп хабарлайды Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды.
Фото: stan.kz