Лента новостей
0

Павлодарлық орманшылар заңсыз ағаш ұрламақ болған үш адамды ұстады

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 15:39 Zakon.kz
Тұрғындар бұған дейін де бірнеше мәрте Ертіс өзенінің жағасында орналасқан теректерді шауып алғаны белгілі болды.

Павлодарлық орманшылар қылмыс үстінде Ақсу қаласына қарасты Парамоновка ауылының үш тұрғының қолға түсірді. Олар ағаш саудасын жүзеге асырмақ болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Орман қорғау және жануарлар әлемі Павлодар мемлекеттік мекемесінің директоры Аждар Жүсіповтың айтуынша, 25, 26, және 27 жастағы жігіттер орман қоры аумағынан ағаш шығармақ болған.

- Тұрғындар бұған дейін де бірнеше мәрте Ертіс өзенінің жағасында орналасқан теректерді шауып алғаны белгілі болды. Мекеме мамандары оларды тіркемесі бар трактормен ағаш әкетіп бара жатқан кезде ұстаған. Орманшылар көлемі екі текше болатын ағаш алған. Бұл шамамен он екі ағаш болады. Аталмыш факті бойынша материал Ақсу қаласының ішкі істер бөліміне тапсырылды. Әзірге қанша шығын келтірілгені белгісіз, - деді Аждар Жүсіпов.

Орман қорғау және жануарлар әлемі мекемесі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері ерекше қорғалатын аумақтарда заңсыз ағаш ұрлаудың 13 оқиғасы тіркелген. 13 жағдайда орман ұрлаушылар қылмыс үстінде ұсталған. Келтірілген жалпы шығын 180 мың теңгені құрап, бүгінде оның орны толық өтелді.

Фото: Рavlodarnews.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: