Лента новостей
0

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған ақтөбеліктер сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.08.2016 20:59 Zakon.kz
Сотталушылар Т.Мәжитов, Е.Аманғожин, М.Тұрғанбаев сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптамаларының жүргізілуіне байланысты мемлекетке 53 мың теңге материалдық шығын өтеуі тиіс.

Әлеуметтік желі арқылы терроризмді насихаттаған ақтөбеліктер сотталды. Қылмыстық кодекстің «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып, көндіру немесе даярлау не қаруландыру», «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» баптары бойынша Төребай Мәжитов, Ерғожа Аманғожин, Мейрамбек Тұрғанбаев 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Ақтөбе қалалық сотында бүгін сотталушы Төребай Мәжитов, Ерғожа Аманғожин және Мейрамбек Тұрғанбаевқа қатысты қылмыстық істің үкімі шықты. Іс материалдарына сүйенсек, Т.Мәжитов жат ағымның жетегінде кетіп, жан-жағындағы адамдарды үгіттеген. Яғни, телефон арқылы террористік акт, жиһад жасауға үндейді.

«Сотталушы 2015 жылдың тамыз айында «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде «Абухолид Абдумаджид» атымен өзіне жеке парақша ашып, «Абу хамза Казахстанский» атымен тіркелген әлеуметтік желі қолданушысының жеке парақшасынан «У кого то может есть знакомые, кто готов финансово помочь или закят свой отдать или просто сделать джихад своим имуществом», «На вопрос о терроризме и Исламе один немецкий мусульманин сказал», «Абу Хурайра казахи», «20 достойнств шахида», «Это письмо муджахеда к своей жене» жазбаларын өзіне жүктейді, достарына таратады. Өткен жылдың соңында терроризмді насихаттау мақсатында достарына «Уақыт келді ахи», «Ассалам уалейкум ахи біздің уақыт келді Ин ша Аллах», «Қанша жүре береміз ахи» деген мазмұндағы үндеу хат жазып, өзін-өзі жарып шахид жасау туралы бейнероликтер жіберген», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз хатшысы.

Сотталушы Т.Мәжитов кейін Шалқар ауданында тұратын Е.Аманғожин мен М.Тұрғанбаевқа телефон шалып, «WhatsАpp» әлеуметтік желісі арқылы «Из писем Саида абу Саада к своей жене», Қ.Бақытжан есімді абонентке «Стишок о мурджитах», С.Құдайбайға «Выдержки из писем Саида Абу Саада» атты мәтіндік хабарлама жіберген.

«Т.Мажитов, Е.Аманғажин Қылмыстық кодекстің «Террористiк не экстремистiк әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не қаруландыру», «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» баптары бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Мүлкі тәркіленді. Жазаларын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Ал Мейрамбек Тұрғанбаев Қылмыстық кодекстің 256-бабы, 2-бөлігінде қаралған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркілеп, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді», - дейді №2 қалалық соттың судьясы Зинаида Шмирова.

Айта кетейік, сотталушылар Төребай Мәжитов, Ерғожа Аманғожин, Мейрамбек Тұрғанбаев сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптамаларының жүргізілуіне байланысты мемлекетке 53 мың теңге материалдық шығын өтеуі тиіс. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: www.trend.az

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: