Лента новостей
0

ОҚО-да мектептер 100 пайыз оқулықпен қамтылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 21:49 Zakon.kz
Қазіргі таңда оқулықтар 100 пайыз тасымалданып, білім беру мекемелерінде таратылу жұмыстары жүргізілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016-2017 оқу жылына мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтамасыз етіліп отыр. Бұл туралы облыстық білім басқармасының мамандары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2016 жылы жалпы облыс бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға және жеткізуге жергілікті бюджеттен барлығы 2,7 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлайды zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Бөлінген қаржыға мемлекеттік сатып алу тәртібімен биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныптардың жаңартылған білім беру мазмұнындағы оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері (бірінші сыныптың оқулығы 10 дана), 4 сыныптың ағылшын тілі оқулығы, 8 сыныптарға арналған (8 сыныптың оқулығы барлығы 18 дана) оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері мен 9 сыныптың дінтану оқулықтары алынды. Қазіргі таңда оқулықтар 100 пайыз тасымалданып, білім беру мекемелерінде таратылу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 1 қыркүйек күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылатын болады. Айта кетейік, жаңа оқу жылында облыс бойынша 73699 бала мектеп табалдырығын алғаш аттайтын болады.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: